"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ базалық жоспарын мұнай 25 доллар, ал доллар 400 теңге бойынша есептеді
50 млрд доллар көлеміндегі активтерді бақаратын "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ 2016 жылы мұнай бағасы мен теңге бағамы барынша әлсірей түседі деп есептейді. Сондықтан қор компания дамуының базалық жоспарын мұнай бағасы 25 доллар және доллар бағамы 400 теңге болатын жағдай үшін есептеп отыр. Бұл туралы қордың қаржы операциясы жөніндегі басқарма директоры және мүшесі Елена Бахмутова Рейтер-ге берген сұхбатында айтты.
«Қордағы компания топтарының дамуы үшін оптимистік нұсқа ретінде мұнай барреліне 35 доллар, ал долларды 380 теңге бойынша есептеу керек. Ал базалық жоспар негізінде мұнай бағасы барреліне 25 доллар, доллар 400 теңге, стрестік негіз бойынша мұнай - 20 доллар, доллар 420 теңге ретінде есептелген жөн", - деді ол.
Елена Бахмутованың сөзінше, қор инвестициялық бағдарламалар легін қысқартқан және жұмыс орындары мен еркін айналымда компанияларды сақтап қалуға тырысуда.
«Мұнай бағасы 40 доллар және доллар курсы 300 теңге болған жағдай үшін есептелген қордың компаниялар тобының инвестициялық бағдарламасы 1,206 трлн теңгені құрады. Оның ішінде 573 млрд теңге қарызға кетті, бірақ біз жобалар бойынша тексеру жүргіземіз", - деді басқарма директоры.
Рейтер мәліметі бойынша, "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының жалпы сыртқы қарызы 2015 жылы 7 млрд долларға қысқарып, 17,3 млрд теңге қалды. Қарыздың 50 пайызы мұнай бағасының құлдырауы салдарынан шығын шеккен "ҚазМұнайГаз" компаниясына тиесілі.
Фото: kapital.kz