Алматы. 25 маусым. 7kun.kz — "Самұрық-Энерго" директорлар кеңесінің төрағасы болып экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ Басқарма мүшесі Бейбіт Қарымсақов сайланды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ баспасөз қызметі хабарлады.
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-да Қор Басқармасының күндізгі отырысы өтті. Отырыс барысында "Самұрық-Энерго"АҚ Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, "Самұрық-Энерго" директорлар кеңесінің мүшесі болып "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ өкілі Жамиев Алмат сайланды, сондай - ақ "Самұрық-Энерго" директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Луки Сутераның өкілеттігі 1 жылға ұзартылды. Қор Басқармасының шешімімен "Самұрық-Энерго" директорлар кеңесінің мүшелері Нұрлан Рахметов пен Анатолий Спицынның өкілеттігі тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Бейбіт Қарымсақов 1985 -1987 жылдар аралығында Жамбыл автобасқармасының инженері болып жұмыс істеді.
1987 жылдан 1990 жылға дейін - "Трудовик" колхозының заңгері.
1990 жылдан 1993 жылға дейін - "Тянь-Шань" кооперативінің бухгалтері.
1993 жылдан 1996 жылға дейін - Қордай аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі .
1996 жылдың маусымынан 1999 жылға дейін - Алматы қаласы бойынша салық инспекциясының аға инспекторы, Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінің салық аудитінің бастығы.
1999 жылдан 2000 жылға дейін - Алматы қаласы Әуезов ауданының аудит бөлімінің бастығы.
2000 жылдан 2002 жылға дейін - Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің бастығы.
2002 жылдан 2003 жылға дейін - Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының бастығы.
2003 жылдың қазан айынан 2008 жылға дейін - Алматы қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары.
2008 жылдан 2009 жылға дейін - Алматы облысы бойынша Салық департаментінің бастығы.
2009 жылдың желтоқсанынан бастап - Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің бастығы.
2015 жылғы тамыздан бастап 2018 жылғы қыркүйекке дейін -"Астана ЭКСПО-2017 "Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарушы директоры.
2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы ақпанға дейін - "Қазпочта" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, жалғыз акционердің өкілі.
2019 жылғы ақпаннан бастап 2019 жылғы 25 маусымға дейін - "Самұрық-Энерго"АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры, Директорлар кеңесінің төрағасы.