Экономика
«Самұрық-Қазына» 2022 жылы «Эйр Астана» мен «ҚазМұнайГазды» IPO-ға шығару жоспарын растады
2022 жылы «Эйр Астана» мен «ҚазМұнайГаз» IPO-ға шығады, алайда нақты мерзімі анықталмаған. Бұл туралы ақпаратты «Самұрық-Қазына» өкілі растады.
"Үкіметтің қаулысына сәйкес, біз биыл IPO-ға екі компанияны шығаруды жоспарлап отырмыз - бұл Air Astana және "ҚазМұнайГаз" және келесі жылы - QazaqGaz. Сонымен бірге, шығару мерзімі Үкімет жанындағы мемлекеттік комиссиямен келісілгенін атап өткім келеді. Бірақ бұл компаниялардың IPO-ға шығуының нақты шарттары мен параметрлері макроэкономикалық жағдай, инвесторлардың қызығушылығы, капитал нарығындағы жағдай сынды бірнеше факторларды ескере отырып анықталады», - деді KASE Talks-те «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендіру және дамыту жөніндегі директоры Ернар Жанаділ.