Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Самұрық-Қазына" АҚ-да кадрлық өзгеріс болды

"Самұрық-Қазына" АҚ-да кадрлық өзгеріс болды

"Самұрық қазына" АҚ-дың қызметін жаңа басқару құрылымына көшіру аясында«Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор болып  Ғани Битенов тағайындалды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Ғ. Битенов қор мен портфельдік компаниялардағы корпоративтік басқару және тәуекел-мәдениетін, құқықтық қамтамасыз ету, сонымен қатар, жаңа бағыт – комплаенс салаларын жауаптанатын болады. Қордың жаңа басқару модельіне сәйкес компаниялар тобында комплаенс-тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған жаңа функция енгізіледі. Бұл бизнес жүргізудің, қор компаниялары тобы қызметінің айқындығы мен ашықтықтығын қамтамасыз етіп, ондағы лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің заңнама талаптарына, озық халықаралық стандарттарға, ішкі және басқа та талаптарға сай келуін көздейді. 36 жастағы Ғани Битенов құқық докторы (DoctorofCivilLaw), McGillUniversity (Канада, Монреаль қ.). «Дүниежүзілік сауда ұйымы тәртібімен мұнай және газ саудасын реттеу: сауда ережелерінің мұнай-газ индустриясындағы ахуалмен арадағы қайшылығы» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған; құқық магистрі  (LLM), UniversityofAberdeen (Ұлыбритания, Абердин қ.); экономика магистрі (MA), ҚР Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институты (КИМЭП). Гарвард университеті мен басқа да танымал халықаралық институттарда біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Халықаралық Шанхай арбитраж орталығының арбитрі. Халықаралық (Bracewell&Giuliani) және қазақстандық заңгерлік компанияларында 10 жылдан астам уақыт жетекші қызметтер атқарған. Жүздеген миллион долларлық ауқымды жобаларда  Еуропа қайта құру және даму банкі, MerrillLynchInternational, JPMorganChaseBankN.A. сынды әлемдік деңгейдегі ірі инвестициялық банктердің мүддесін қорғаған. Сондай-ақ, Қазақстанның ірі екінші деңгейлі банктердің «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, Қазақстан даму банкінің мүдделерін құнттады. ҚР Әділет министрлігінің мемлекеттің мүлік құқықтарын қорғау департаментіне жетекшілік етті. Осы тұста шағым сомасы жүздеген миллион АҚШ долларына бағаланған халықаралық инвестициялық дауларда ҚР мүддесін қорғады. Еуразия даму банкінің халықаралық және қазынашылық операцияларды құқықтық қамтамасыз ету бөлімін басқарған. Сонымен қатар, жаңа басқару құрылымына көшкен «Самұрық-Қазына» АҚ Қордағы топ-менеджерлердің санын екі есеге азайтуды көздейді.  Атап айтқанда, басқарма төрағасының орынбасары лауазымдары қысқартылды. Фото:kapital.kz

Похожие материалы