Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының сатып алудағы жергілікті қамту үлесі артатын болады

«Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының сатып алудағы жергілікті қамту үлесі артатын болады

Нұр-Сұлтан. 19 шілде. 7kun.kz – Жергілікті қамту бойынша көрсеткіштердің орындалуын арттыру, пайдалы әсер коэффициентін бекіту және жеке бақылауға алу. «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Алмасадам Сәтқалиев қорды реформалау бойынша Жоспарды іске асыру жөніндегі кеңесте еншілес компаниялардың бірінші басшыларының алдына осындай міндет қойды.

Сондай-ақ, Қор басшысы топ-менеджерлерге сатып алу кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін жеке жауап беретіні туралы ескертті және барлық анықталған фактілерді Қор құқық қорғау органдарына жолдайтынын қаперге салды.

Басқарма төрағасы Қор тобындағы барлық компаниялар бойынша шығындарды оңтайландыруды және әкімшілік-басқару қызметкерлерінің еңбекақысын көтерудің барлық фактілерін тексеруді тапсырды. Ішкі аудит қызметіне шетелдік іссапарлар мен өкілдік шығыстарды қоса алғанда, басшылықтың шығындарын тексеру тапсырылды.

Портфельдік компаниялар басшыларының алдына дербес міндеттер қойылды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа мұнай жеткізілімдерін әртараптандыру, Транскаспий бағдарын іске асырудың оңтайлы нұсқасын пысықтау және Атырау-Кеңқияқ және Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырларының қуаттарын арттыру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

«Эйр Астанаға» — қысқа мерзім ішінде рейстердің тұрақты кідіруі мен тоқтатылуына байланысты қалыптасқан жағдайды өзгерту бойынша, компаниядағы рейстердің өзгеруі туралы жолаушыларды алдын ала хабардар ету жүйесінің жұмыс істеуі бойынша барлық қажетті пәрменді шараларды қабылдау туралы айтты.

Бұдан басқа, «QazaqGaz «ҰК» АҚ басшылығына жыл соңына дейін еліміздің солтүстік өңірлерін газдандыру үшін сұйытылған газ өндіру зауытын салудың орындылығын зерделеу, ал «Самұрық-Энерго» №3 блокты аяқтап, №4 және №5 блоктарды сала отырып, Екібастұз ГРЭС-2-ні одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Портфельдік компаниялар басшыларының алдына дербес міндеттер қойылды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа мұнай жеткізілімдерін әртараптандыру, Транскаспий бағдарын іске асырудың оңтайлы нұсқасын пысықтау және Атырау-Кеңқияқ және Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырларының қуаттарын арттыру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Похожие материалы