Нұр-Сұлтан. 15 қыркүйек. 7kun.kz – «Самұрық-Қазына» қоры АЭС салу жобасын іске асыруға кірісті. Бұл туралы қор басшысы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Энергетикалық балансқа жасалған болжам 2032 жылға дейін қуаты 2400 мегаваттқа дейін атом электр станциясын салу қажеттілігін көрсетті. Сол себепті үкімет басшылығымен қор аталған жобаны іске асыруға кірісті», - деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстан Франция, Түркия, Венгрия, Кореядағы атом электр станцияларының тәжіибесіне жүгінген. Сондай-ақ ол Қытайдағы атом электр станциясына барған.
«Самұрық-Қазына, үкімет және энергетика министрлігі аталған жобаны барлық ең үздік технологияны ескеретін халықаралық инвесторлар пулымен жүзеге асырылуы керек деген пайымға келді», – деді Сәтқалиев.
Олардың ішінде Росатомның, Қытайдың СNC, кореялық және франциялық компаниялардың кандитатуралары қаралуда.
Ал генерациялайтын жабдықтар бойынша негізгі жеткізушілер – General Electric, СNC және кореялық KHNP болуы мүмкін. Сонымен қатар негізгі қосалқы жабдықтарды өндіруде неміс, швед, франциялық компаниялардың ұсыныстары да бар.