Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның таза кірісі 2019 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,1% -ға өсіп, 343 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың қатысуымен өткен Қордың портфельдік компаниялар басшыларының кеңесі барысында айтылды.
2019 жылғы қаңтар-наурызда сатудан түскен табыс пен таза пайда 1 951 және 343 млрд теңгені құрады, жоспардың орындалуы алғашқы үш айда 95% және 188% құрады. Ағымдағы жылдың үш айында операциялық пайда (NOPLAT) 240 млрд теңге болды, бұл жоспардан 28 млрд теңгеге немесе 13%-ға жоғары.
Қаржы көрсеткіштері өсуінің негізгі факторлары - Қордың барлық ірі портфельдік компанияларының шығындарын және жалпы әкімшілік шығыстарын төмендету кезінде мұнай өнімдерін, газды, газ конденсатын, жүк айналымын, почта қызметтерін сату көлемін және алдын өндірісін артуы.
Бұдан басқа, таза табыстың ұлғаюына «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы »АҚ-ның қауымдасқан және бірлескен кәсіпорындардағы кірістер үлесінің ұлғаюы әсер етті.