Экономика
Санкт-Петербургте халықаралық экономикалық форум басталды
18 маусымда Санкт-Петербургте халықаралық экономикалық форум ашылды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
Шара аясында халықаралық экономика проблемалары, Ресейге шетелдік инвестиция тарту, батыстық санкциялар аясында жаңа өсу көздерін іздеу, антидағдарыстық шаралар және ақша-саяси несие сұрақтары талқыланбақ.
XIX халықаралық Петербург экономикалық форумға 450 компанияның 843 шетелдік бизнес өкілі қатысады. Олардың арасында PwC, Ernst&Young, McKinsey, Metro AG, Shell, TUI AG, Total, Boston Consulting Group, BP, Enel, Eni, Societe General, KinRossи бар. Форумға барлығы 1,6 мыңнан астам компания өкілдері келеді.
Шара аясында Ресей президенті Владимир Путин әленің ірі инвестициялық және тәуелсіз қорларының басшыларымен және ресейлік өндірістік компания төрағаларымен кездеседі. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Сауд Арабия қорғаныс министрі Мухаммед бен Сальманмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Чжан Гаолимен, Моңғолия премьері Чимэдийн Сайханбилэг және МАГАТЭ бас директоры Юкия Аманомен кездеседі.
Форумда бизнес және билік арасында 70 ірі келісім-шарттарға қол қойылады деп жоспарлануда. Петербургтағы халықаралық экономикалық форум "Әрекет ететін уақыт: біріге отырып тұрақтылыққа және өсуге" деген девизбен өтеді.
Форум 18 мен 20 маусым аралығында өтеді.