Экономика
Санкт-Петербургте өтетін сауда миссиясына қатысуға кәсіпкерлер шақырылады

Алматы. 19 қазан. 7kun.kz – Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық тауар өндірушілерді 2018 жылғы 13-14 қараша аралығында Санкт-Петербург қаласында өтетін сауда-экономикалық миссиясына қатысуға шақырады.
Сапар барысында Санкт-Петербургтегі Сауда-өнеркәсіп палатасының алаңында әлеуетті сатып алушылар мен серіктестерді іздеуге, өңірлер арасындағы сауда байланыстарын дамытуға арналған іскерлік байланыстар биржасы өткізіледі.
Қазақстандық компаниялар азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын, электр-техникалық жабдықтарды, химиялық өнімдерді, фармацевтикалық препараттар мен жеңіл өнеркәсіп өнімдерін ұсынатын болады.
Іс-шара бағдарламасында сауда-экономикалық форумға қатысу, Санкт-Петербург пен Ленинград облысының бизнес-топтарымен іскерлік байланыстар өткізу, «Петерфуд-2018» Халықаралық азық-түлік көрмесі мен кәсіпорындарына бару көзделген.