Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz – Sanofi француз фармацевтикалық концерні АҚШ-тың биотехнологиялық компаниясы Bioverativ 11,6 млрд долларға сатып алады, деп хабарлайды Kursiv.kz.
Sanofi концерні Bioverativ-тің барлық бағалы қағаздарын бір акциядан 105 долларға сатып алуға келісті. Бұл олардың нарықтық бағасынан шамамен 64 пайызға артық.
Компания Bioverativ-те сатылымды жүзеге асыру «нарықта сирек ауруларға қарсы дәрі-дәрмектер болуын қамтамасыз етіп, пайданы жоғарылатады» деп санайды.
Sanofi соңғы жылдары бірқатар ірі мәмілелерді жасасуға тырысты. Бірақ олжалы болмады. 2016 жылы рак ауруына қарсы препараттарды өңдеп шығаратын Medivation-ды Pfizer, ал 2017 жылы Швейцария биотехнология компаниясы Actelion компаниясы Johnson & Johnson-ды сатып алды.
«Өршіп келе жатқан гемофилия нарығында (емдеу) көшбасшы Bioverativпен Sanofi 2020 жылға дейін жол картасына сәйкес, сирек кездесетін ауруларды емдеуде мамандандырылған көмек көрсету саласындағы қатысуын кеңейтеді», - деді Sanofi басшысы Оливье Брандикур.
Sanofi Bioverativ-ті сатып алу 2018 жылы акцияға шаққандағы пайданың ұлғаюына және 2019 жылы 5 пайызға дейін өсуіне әкеледі деп күтеді.