Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – Жандарбек Бекшин «QazBioPharm «Ұлттық холдингі» АҚ Бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің Корпоративтік даму департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ QazBioPharm ұлттық холдингінде тамыз айынан бері Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев тәуелсіз директор қызметін атқарып келеді.
«Сапарбаев Бердібек Машбекұлы тәуелсіз директор болып сайланды. Сондай-ақ холдингтің Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Бердібек Сапарбаев холдингтің Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап QazBioPharm Ұлттық холдингі бас директорының орынбасары міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды», – деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Жандарбек Бекшин бұған дейін Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, ал Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып қызмет атқарған еді.