Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сапарбаев Смағұловты сынады

Сапарбаев Смағұловты сынады
Вице-премьер Бердібек Сапарбаев Талдықорғанда өткен аймақаралық семинарда белгілі бизнесмен Нұрлан Смағұловты сынады. Бұл туралы time.kz жазды. Басылымның жазуына қарағанда вице-премьер жиын барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжоловадан  Смағұловтың Алматыда мектеп, балабақша, Спорт сарайы немесе Мәдениет сарайын салдырып, көмектесті ма деп сұраған. Әкімнің орынбасары арнайы ғимарат салдырғанын нақты айта алмаймын, бірақ шараларға көмектеседі деп жауап беріпті. Сапарбаев жауапқа қанағаттанбаған сыңайлы, Смағұловты сынап салған. "Оның қалай миллиардер болғанын білеміз. Бүкіл Қазақстан бойынша Мега орталықтарын салды. Бұдан қалай табыс ауып отырғаны да белгілі. Ал, Алматыда білім беру орындары жетпейді. "Туған жерге тағзым" сияқты шараларды қолдау керек қой. Мемлекет бизнеске жағдай жасады. Соның арқасында ол қалталы адамдардың қатарына қосылды. Президенттің бастамасын ол қолдауы керек еді", - деді Бердікбек Сапарбаев. Алайда, Сапарбаевтың сынына Смағұлов та кешіктірмей жауап қатты. forbes.kz-тің жазуынша бүгін Нұрлан Смағұлов редакцияға арнайы хат жолдаған. Онда ол Бердібек Сапарбаевтың сөзіне қосылатынын, кәсіпкерлердің туған ауылдары мен қалаларды қолдауы қажеттігін, бұл ретте өзінің ата қонысы Қарағанды облысының Ағадыр ауылында балаларға арналған спорт мектебін салып, ауылдағы мәдениет үйіне заманауи жабдық алып бергендігін атап өткен. Смағұлов салдырған балалардың спорт мектебі 2 қабатты, бассейн, күрес залы бар және барлық жабдықтармен жарақтандырылған. Astana Group сондай-ақ Ағадырда білім беру қорын ашқан екен. Қордың мақсаты үздік балаларды Қазақстанның жоғары оқу орындарынада білім алуына көмектесу.    

Похожие материалы