Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ұлы Жансұлтаннның Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл ауданының әкім орынбасары қызметіне тағайындалуы туралы өз пікірін білдірді.
«Менің ұлым Қазақстан азаматы ретінде, Конституцияға сәйкес, бұған құқығы бар. Бұл оның таңдауы, ол жеке тұлға, ал бұл жерде менің қатысым жоқ. Менде мұндай әдет жоқ. Ол мемлекеттік қызметті таңдады – ал, болсын (Мемлекеттік қызметке Барады) – енді бәрі оның жұмысына байланысты болады: жақсы жұмыс істесе, әкесінің мансаптық жолын қайталайды», - деді министр.
Еске сала кетейік, 8 наурызда Жансұлтан Сапарбаев Есіл ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.