Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшысы тағайындалды

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшысы тағайындалды

Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz –"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ Директорлар кеңесінің басшысы болып Ерлан Бурабаев сайланды.

Акционерлік қоғам – бұл "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" - сақтандырудың 2 сыныптары бойынша СК мәжбүрлеп тарату кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін елдегі жалғыз ұйым.

Сақтандырудың бірінші сыныбында сақтандыруға жатады: көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, туристерді міндетті сақтандыру.

"Өмірді сақтандыру" сыныбында: "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары, "Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған аннуитет шарттары.

Кепілдік беру жүйесі 2003 жылы құрылды, оған 21 сақтандыру ұйымы қатысады.

Ерлан Бурабаев 1994 жылдан 2003 жылға дейін ҚР Ұлттық Банкінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2003 жылдан 2009 жылға дейін бағалы қағаздар нарығы мен зейнетақы жүйесінің кәсіби қатысушыларының әртүрлі ұйымдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2009 жылдан 2014 жылға дейін сақтандыру компанияларының топ-менеджері болды. 2014 жылдан бастап Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығында сақтандыру және қор нарықтарымен өзара іс-қимыл жөніндегі Басқарушы директор болып тағайындалды.

Похожие материалы