Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі артты

Сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі артты

Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылғы 1 желтоқсанда  сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 1 004,8 млрд теңге болды. Жыл басынан бері 8,6%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері жыл басынан бері 536,6 млрд теңгеге дейін 4,5%-ға ұлғайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қалыптастырған сақтандыру резервтерінің көлемі жыл басынан бері 484,8 млрд теңгеге дейін 5,3%-ға өсті.

Меншікті капитал 468,2 млрд теңге (жыл басынан бері 13,7%-ға өсу) болды.

Сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2017 жылғы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 347,1 млрд теңгеге дейін 1,0%-ға ұлғайды, олардың ішінде тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 314,0 млрд теңге болды.

2018 жылғы он бір айдың қорытындысы бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 75,5 млрд теңгеге дейін 26,6%-ға ұлғайды. Жиынтық сақтандыру сыйлықақыларында «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 21,7%, 2017 жылғы 1 желтоқсанда 17,3% болды.

Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 82,4 млрд теңгені немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 23,7%-ын құрады. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының 82,4%-ы Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қайта сақтандыруға берілді.

2018 жылдың басынан бастап жүргізілген сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі  (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін шегергенде) 62,4 млрд теңге болды, ол 2017 жылдың ұқсас кезеңінен 6,9%-ға аз.

Похожие материалы