Қазақстан үкіметі жеке табыс салығын көтерумен ғана шектемейді, бұған көну керек. Бұл туралы GRATA заң фирмасының кеңесшісі ЕркінСағиев LS-ке берген сұхбатында мәлімдеді
Өткен аптада БАҚ-тың кейбір өкілдері 2018 жылдан бастап жеке табыс салығының (ЖТС) 10%-дан 12%-ға дейін көтерілетінін хабарлаған еді.
"Бұл жерде мынаны түсіну керек, үкімет мөлшерлемені 10% -дан 12% -ға дейін көтеріп ғана шектеліп қалмайды. Керісінше корпоративтік табыс салығы (КТС) көтеріле түсуі мүмкін. Сондықтан бизнес үшін бір ғана шешім бар. Әлеуметтік төлемдерімен ЖТС немесе КТС немесе акциздермен қосалқы құн салығы(ҚҚС) көтеріледі",- деді ол.
Е.Сағиевтің ойынша, үкіметтің салықты көтеруі амалсыздықтан қолданып отырған шара. "Шын мәнінде үкіметте басқа шегінетін орын жоқ. Олар салықты арттырады. Қазірдің өзінде солай жасауда. Еңбекке салынған салықпен қатар акциздердің өсуі және ҚҚС-ны саудадан түскен салыққа ауыстыру мәселесі де қарастырылып жатыр",-деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әртүрлі салық түрлері артуда. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар әлеуметтік аударымдарға табысының 5%-ын төлеуге міндетті. Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру да енгізілді. Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесінің жалпы көлемі 2017 жылы кірісінің 2%-ын , 2020 жылы 5%-ына дейін құрайтын болады.