Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сарапшы: Ұлттық банктің жаңа басшысы теңге курсына әсер ете алмайды

Сарапшы: Ұлттық банктің жаңа басшысы теңге курсына әсер ете алмайды
Бүгін Ұлттық банктің жаңа басшысы Данияр Ақышев қызметіне кірісті. Дегенмен сарапшылар жаңа басшы келгенмен теңгеге қатысты доллар бағамы әлі де қымбаттайды деген пікірде деп жазады LS
«Асыл-Инвест» сараптама департаментінің директоры Айвар Байкеновтың сөзінше,  ұлттық банк менеджментінің бұрынғы саясаты қаржы секторында да, ел экономикасында да тиімсіз болды.
«Орталық банк пен ұлттық валютаға деген сенім жоғалды. Мұндай жағдайда заңнамаға сәйкес Ұлттық банк басшысының ауысуы орынды. Жаңа басшыдан тиімді шешімдер күтетініміз белгілі. Нарыққа қатысушылар бұл өзгерістерді жылы қабылдайды деп ойлаймын», - деді сарапшы. Оның болжамы бойынша, Данияр Ақышев Қ. Келімбетовтың кезіндегі саясатты ары қарай жалғастырады. «Саясат де-юре жалғаса береді. Д.Ақышевтың Қ. Келімбетовтен айырмашылығы мұны де-факто арқылы жүзеге асырады. Сондықтан долларға қатысты теңге айналымы 300 теңге болады», - деді Байкенов. Сарапшының сөзінше, жаңа басшы базалық мөлшерлемені төмендетеді. Базалық мөлшерлеме 10-12%-ға дейін түсуі мүмкін. «Ұлттық банк қатаң реттеу туралы ұстанымын өзгертіп, қаржылық секторды дамыту керек. Реттеушінің барлық соңғы шешімдері мен бағдарламалары көбіне қатаң реттеуге бағытталған», - деді ол. Қазақстандағы стратегиялық зерттеу институтының энономисі Вячеслав Додоновтың мәлімдеуінше, басшының ауысуы банк секторына және экономикаға барынша әсер етеді. «Жаңа Ұлттық банк басшысы қаржы нарығына қатысушылардың сенімін біртіндеп қалпына келтіреді. Мұны басты жетістік деуге болады. Ақша-несие саясатының магистральдық векторы басты фактор ретінде ескеріліп, өзгеріссіз қалады. Ал реттеушінің жұмысы біршама өзгеруі мүмкін», - деді ол. Д.Додоновтың айтуынша, жаңа басшының ең басты тапсырмасы - банк секторындағы жағдайларды тұрақтандыру және реттеушіге деген сенімді қайтару. Ол қазір маңызды реформалар жасауға қолайлы уақыт емес деп есептейді. Ал «Финам» инвестициялық компаниясының сарапшысы Богдан Зварич Ұлттық банк саясатындавалюта нарығында, банк секторында ешқандай өзгеріс болмайды деп санайды. «Қазіргі кездегі экономикалық курс сақтала береді. Валюта нарығын тұрақтандыруға нақты қадамдар жасалады. Сондай қадамдардың бірі - экспортерлердің нарықта түсімнің жартысын сата білуге міндетті болуы. Бұл валюта нарығындағы тұрақсыздықты реттеп, теңгенің нығаюына көмектеседі», - деп түйіндеді ол. Фото: ult.kz

Похожие материалы