Экономика
Сарапшы: Салық көтерілетін "дәуір" жақындап келеді
Мұнай бағасының төмендеуінен салықты көбейтуі мүмкін дейді экономист Айдан Карибжанов.
«Девальвация көпшілікті есеңгіретсе, енді тағы бір жағымсыз жаңалықты еститін уақыт келді. Егер бюджеттің көп бөлігі мұнайдан келетін табыс арқылы қалыптасатын болса, мұнай арзандағандықтан, шығындарды азайту керек. Бұл жөнінде ресми түрде хабарлады. Бірақ, ол да жеткіліксіз болатын шығар. Табысты көбейту керек. Қалайша? Салықтар арқылы. Салықтарды көбейту "дәуірі" жақындап келеді», – деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасында.
Осыған дейін
хабарлағанымыздай, Қазақстан теңгенің еркін айналымына өтті. 15 шілде күні қабылданған валюта дәлізі жойылды. Бұл туралы шешімді ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк бірлесіп қабылдаған еді.