Экономика
Сарапшы: ТМД бойынша ең нашар ақпараттық қауіпсіздік Қазақстанда
Астана. 14 желтоқсан. 7kun.kz - Мамандар соңғы жылдары Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік нашарлап кеткенін ескертіп, дабыл қағып жатыр. Олар, оның ішінде, ұжымдық деректердің "ұрлануы" жиілеп кеткенін айтады. Бұл туралы "Касперский зертханасының" сарашысы Сергей Голованов мәлімдеді.
ТМД елдері ішіндегі ақпараттық қауіпсіздік жайлы әңгімелеген Сергей Голованов "Қазақстанның - ұжымдық деректерге жасалған "шабуыл" саны ең тез өскен аймақ" деп мәлімдеді. Егер 2015 жылы ұжымдық құпия деректер сақталған компьютерге орта есеппен
5 рет шабуыл жасалса, 2016 жылы бұл көрсеткіш
16-ға өскен. Бұл - максималды көрсеткіш: Ресей, Әзірбайжан мен Белоруссияда бұдан төмен.
"Сондай-ақ, мұндай жағдайлардан зардап шегіп, маңызы жоғары ақпараттарын ұрлатып алған компаниялардың үлесі - 39 пайыз, яғни
құнды деректер сақтайтын компаниялардың қатарына кіретін 39 пайыз компания өз мәліметтерін ұрлатып алған", - дейді маман.
Одан бөлек, Қазақстанның онлайн-банктеріне жасалған шабуыл саны 6 пайызды құрайды.
Бұл - ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. "Бұған қазақстандық компаниялардың ескі жұмыс стансалары, яғни ұжымдағы ескі техникалардың көптігі себеп болып отыр", - дейді Сергей Голованов. Оның айтуынша, Қазақстан компаниялары ақша үнемдеу үшін техникалық қауіпсіздігіне аз мән беріп, жаңашылықдыққа ұмтылмайды, ал мұны білетін "хакерлер" осындай әрекеттерге жиі барады.