Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сарапшы: Ұлттық банктың қатысуынсыз теңге 10%-ға дейін нығаюы мүмкін

Сарапшы: Ұлттық банктың қатысуынсыз теңге 10%-ға дейін нығаюы мүмкін
Қазақстан теңге нығаюын тоқтата беретін болса, шетелдік инвесторларды тарта алмайды. Landesbank Berlin Investment GmbH агенттігі осындай болжам жасады деп хабарлайды Bloomberg. Агенттік мәліметінше, осы жылы реттеуіш күнделікті аукциондағы облигациялар ұсынысын 3 есе ұлғайтқан. Бірақ сәуір айында жетікүндік қарыз қағаздарының табысы 19%-ға дейін көбейтті. Бұл әрекеттер жергілікті және шетелдік инвесторларды тарту үшін қажет екендігімен түсіндірілді. Осы шара банктерге теңгедегі депозит бойынша жоғары пайыздарды (14%) төлеуге мүмкіндік беруі тиіс. Осыған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17% деңгейінде белгілеген еді. "Реттеуіш долларды жаппай сатып алып, теңгенің ресейлік рубль және өзге де мұнайлы валюталар тәрізді нығаюына кедергі болып отыр. Өткен қаңтардан бері қара алтын шамамен 70%-ға, рубль соңғы 3 айда 18%-ға қымбаттағанымен, теңге бар болғаны 11,5%-ға өсті. Бұл шетелдік инвесторлар үшін әлсіз валюта", -деп есептейді Landesbank Berlin сарапшы Лутц Рехмейер.  Оның сөзінше, Ұлттық банктың қатысуынсыз теңге әлі 10%-ға нығаюы мүмкін еді.  Еске салайық, осыған дейін Қазақстанның Ұлттық банкі теңгенің "күрт өсіп кетуінің" алдын-алуын үшін 1,24 млрд доллар сатып алған.

Похожие материалы