Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сарапшылар қазақстандықтар депозитін сеніп тапсыратын үш банкті атады

Сарапшылар қазақстандықтар депозитін сеніп тапсыратын үш банкті атады

Алматы. 10 шілде. 7kun.kz - Сенімді банктер тізімінде алғашқы болып  "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі", екінші орында Kaspi Bank және үшінші болып Fortebank тұр. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

Бірінші орында "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" тұр. 2017 жылдың қаңтар-мамыр айларында банктегі салым көлемі 54,6 млрд теңгеге немесе 13 пайызға өскен. Қазіргі кезде банк жеке тұлғалар депозиті нарығының 6 пайызына иелік етеді.

Екінші орында Kaspi Bank тұр. Биылғы жылдың 5 айында банктегі депозит көлемі 30,9 млрд теңге немесе 4 пайызға өскен. Жеке тұлғалардың депозиті нарығындағы 10% үлесі Kaspi –ге тиеселі.

Үшінші орында Fortebank. Өткен 5 айда жеке салымдар көлемі 17 млрд теңгеге немесе 4 пайызға өскен. Банктің жеке салымдар нарығындағы үлесі 5,6 пайыз.

Айта кетейік, соңғы кезде қазақстандықтар депозитін теңгеде сақтауға көшкен. Мұның айғағы биылғы жылдың 5 айында теңгедегі депозиттер 19 пайызға өскен. Ал валюталық депозиттер көлемі 13 пайызға азайған.

Похожие материалы