Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сарапшылар EXPO 2017 көрмесіне қанша қаражат жұмсалғанын хабарлады

Сарапшылар EXPO 2017 көрмесіне қанша қаражат жұмсалғанын хабарлады

Астана. 30 маусым. 7kun.kz - Сарапшылардың мәліметінше, EXPO көрмесіне 5 жылда 565,1 миллиард теңге немесе 2,1 миллиард доллар қаражат бөлінген. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

Сарапшылар қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйене отырып, көрмені өткізуге 2016 жылы мемлекеттік бюджеттен 267,2 миллиард теңгенің бөлінгенін айтады. Ал 2015 жылы 154,2 миллиард теңге жұмсалса, 2017 жылы 77,3 миллиард теңге қаржы жұмсалған.

"EXPO-2017 көрмесіне республикалық бюджеттен 2013 жылы - 20,3 миллиард, 2014 жылы - 46,1 миллиард, 2015 жылы - 154,2 миллиард, 2016 жылы - 276,2 миллиард, 2017 жылы - 77,3 миллиард теңге бөлінді. 2016 жылы бюджет шығындарының рейтингінде EXPO көрмесі 13-орында тұр", - дейді сарапшылар.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, еліміздегі әрбір салық төлеушінің үлесі 66 мың теңге болған. Осылайша, EXPO көрмесіне еліміздегі отын энергетикалық кешенін дамыту қорына жиналған қаражаттан 30 миллиард теңгеге көп ақша жиналған.

Халықаралық рекордтар жайлы айтатын болсақ, сарапшылардың айтуынша, ең қымбат EXPO көрмесі 2010 жылы Қытайдың Шанхай қаласында (60 миллиард доллар) өткізілген. Ал 2015 жылы Миланда өткізілген көрмеге 3,6 миллиард доллар жұмсалған.

Дереккөз: tengrinews.kz

Похожие материалы