Экономика
Выбор редактора
Сарапшылар: Теңге девальвациясы жұмыс орындарын қысқартуға әсер етеді
Теңге девальвациясы еңбек нарығындағы бос орындардың қысқаруына әкеледі деп есептейді экономикадағы сарапшылар.
"Көптеген жұмыс берушілер қазір жағдайдың қалай өрбитіндігін түсінуге тырысып жатыр. Бос орындар саны қысқарады, белгісіздіктен жұмыс берушілер персонал қабылдауды тоқтатып қояды. Нарыққа шығуды жоспарлап отырған ойыншылар саны қысқарады, шетелдік компаниялардың еліміздегі өкілдіктері жабылады. Бірақ мұны қалыптасатын тенденция деп те айтуға болмайды", - деп есептейді Antal Kazakhstan рекрутингті компанияның директоры Анна Ковинская.
Сондай-ақ, оның атап өтуінше қызметкерлерге деген талаптар қатаңдай түспек. Тәжірибесі бар, кәсіби біліктілігі дамыған және нәтижеге жұмыс істеуге дайын мамандар бағаланады.
"Қысқарту аздап басталып жатыр, бірақ жалпы масштабын бағалауға ерте. Компаниялар экономикалық жағдайға лайықталу үшін штаттарын оңтайландыра бастайды. Бірінші кезекте еуро мен долларда сатып алып, табысы теңгемен есептелетін компаниялар зардап шекті, ол жерде қысқарту басталып та кетті. Бұл сатылымды шетелдік валюта жүзеге асыратын фармацевтикалық компанияларға да қатысты. Сондай-ақ шикізат тауып, қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға да әсерін тигізеді", -дейді А.Ковинская.
Еңбек нарығы жұмыс беруші нарығына айналады
АНКОР компаниясының есептеуінше, еңбек нарығындағы бос орындары саны мен жұмыс іздеушілер саны қысқарып жатыр. Олардың сөзінше, еңбек нарығы ақырындап "жұмыс берушілер нарығына" айналып жатыр. "Персоналға қажеттілік қашанда болады, бірақ кәсіпқойлар арасындағы тартымды жұмыс орны үшін бәсекелестік арта түседі", - дейді компания мамандары.
АНКОР сарапшыларының пікірінше, қазақстандық жаңа компаниялардың нарыққа шығуына және ірі өндіруші жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа орындар қажет болуы мүмкін. Жекелей алғанда, Қазақстанға еуропалық бизнес тарапынан экономикалық қызығушылықтар орын алып отыр.
"Персоналды қысқарту компанияны жабу немесе бизнесті құтқару қажет болғанда орын алады. Халықтық тұтынушылық қабілеті азая бастағанда, бөлшек сауда, фармацевтика, қонақүй бизнесі тәрізді салалар зардап шегеді. Егер қысқарту күн тәртібіне қойылғанда, бірінші кезекте әкімшілік персонал мен мамандандырылмаған персонал оңтайландырылмақ", - деп есептейді АНКОР.
Forsage агенттігінің HR мамандары Қазақстандағы 700 жұмыс беруші компания арасында экспресс-сауалнама жүргізген. Респонденттердің 97 пайызы алдағы уақытта персоналды қысқарту мүмкіндігін жоққа шығарды. "Ірі өндіруші кәсіпорындарда және банк секторында қысқарту өтіп кетті, жаңасын жоспарлап отырған жоқ. Мүмкін болатын қысқартулар біріккен компанияның құрылымдарына қатысты", - деп нақтылады Forsage агенттігінің директоры Елена Грищук.
Дегенмен де, оның сөзінше жаңа бос орындар көп болады күтудің қажеті жоқ. Көптеген компаниялар жұмысты өз мекемесіндегі қызметкерлер арасында бөледі. "Менеджерлер командасында өзгерістер орын болып, арзан және тәжірибелі мамандар алынуы мүмкін. Ресейдің еңбек нарығындағы қиындыққа байланысты ресейлік мамандардың тасқыны болады деген болжам бар. Қазақстандық қызметкерлерге 2013 жылдың басындағыдай жоғары жалақысы бар жұмыс табылады деген иллюзиямен өмір сүрмеуге кеңес береміз. Қазір ондай мүмкін емес" , - деді сарапшы.
Білікті кадр дағдарыста да жұмыссыз қалмайды
HeadHunter компаниясының қызметкерлері, қазіргі жағдайда компаниялар табысты сақтап одан әрі ұлғайту үшін, бағалы қызметкерлерін сақтау үшін арнайы шара қабылдайды деп есептейді. "Әрбір компания өзінің ұстанымында қалады, барлығы үшін ортақ шешім жоқ. Дегенмен де, ұйымдар персоналмен жұмыс істеу, бағалы кадрлерді ұстап қалу және табысты кандидаттарды тарту пайданы ұлғайтып, үлкен нәтижеге жетуге мүмкіндік беретіндігін есте сақтау қажет", - дейді олар.
Antal Kazakhstan компаниясының директоры девальвациядан кейін жалақы деңгей үлкен көлемде қысқармайды деген пікірде. "Қажет болған жағдайда қызметкерлерге сыйақы берудің бонусты бөлімін азайту қажет. Девальвациядан кейін жалақы да өсе түседі деп күтіледі, сондықтан айлықты қысқарту жұмыс берушілер үшін де оңай болмайды", - деп түсіндіреді А.Ковинская.
АНКОР компаниясының есептеуінше, жұмыс берушілердің қызметкерлерді қабылдау шарты бизнестің нақты жағдайына және оның бос орынға қаншалықты лайықты келуіне байланысты. "Жылдар бойы қажетті мамандар жетіспей, жұмыс берушілер арасында жақсы кадрлер үшін жоғары бәсекелестік болған секторда жалақы индекстеледі. Жұмыс берушілер құнды мамандарды ұстап қалуға мүдделі, сондықтан дағдарысқа қарамастан барлық жағдай жасауға тырысады", - деп атап өтеді компаниядан.