Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Сарбаздардың өліміне тек әскер ғана кінәлі емес» – Қорғаныс министрі

«Сарбаздардың өліміне тек әскер ғана кінәлі емес» – Қорғаныс министрі

Қазақстан. 8 маусым. 7kun.kz – ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскери қызмет кезінде сарбаздардың өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының жиілеп кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Руслан Жақсылықов бұл жерде әскердің кінәсі жоқ екенін мәлімдеді. Оның аутынша, әскердің міндеті – оларға келген саналы адамның проблемаларын жою.

«Алдымен жастардың өз-өзіне қол жұмсауының себептерін түсіну керек. Бұған тек әскер кінәлі емес. Әскерде әскери қызметшілердің өміріне командир жауапты екені белгілі, бірақ ол әскерге саналы түрде азаматтық қоғамнан келді, өз проблемаларымен келген болуы мүмкін», - деді ҚР Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Руслан Жақсылықов.

Айта кетейік, 4 маусымда таңертең Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы шекара заставасының дәретханасынан әскерге шақырылған сарбаз Еділ Тешебаев асылып қалған күйінде табылды. ҰҚК өз-өзіне қол жұмсаудың алдын ала себебі оның әскери қызметіне байланысты емес, отбасылық және тұрмыстық проблемаларымен байланысты болғанын хабарлады. Алайда Еділдің туыстары бұған сенбейді.

Туыстарының айтуынша, жігіт қайтыс боларынан алдын оған ақша жіберуді сұраған. Ал Еділдің ағасының айтуынша, ол телефон арқылы сөйлескенде шошып тұрған.

Похожие материалы