Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Сарыарқа» ӘКК-ның бұрынғы басшысы сотталды

«Сарыарқа» ӘКК-ның бұрынғы басшысы сотталды

Қарағанды. 27 наурыз. 7kun.kz - «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бұрынғы төрағасы Талғат Әбілда бюджет қаржысын жаратқаны мен иемденгені үшін сотталды.

Ол 2012-2014 жылдары «Сарыарқа» ӘКК-ның төрағасы болған.

Сот шешімі бойынша, ӘКК-ның экс-төрағасы қол астындағы қызметкерлерімен бірге жеміс сақтайтын орын сатып алуға бөлінген қаржыны иемденген. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын тергеу кезінде холдингтің Бұқар жырау ауданындағы Новоузенск ауылынан 19 млн 900 мың теңге тұратын қойма сатып алғаны анықталған. Бірақ корпорация бухгалтериялық құжаттарында үш лауазымды қызметкер оны "51 млн теңгеден астам сомаға алынғанын" жазған.

Конкурстық талаптар мен бағалау акті қолдан жасалған. Қалған ақшаны - 31 млн 600 мың теңгені «Сарыарқа» ӘКК басшысы мен қызметкерлері бөліп алған.

Сотталғандар өздеріне тағылған айыпты мойындап отыр.

«Сот олардың үшеуіне де шартты мерзім тағайындады — СКК экс-төрағасы 3 жыл 11 айға, бөлім басшысы 3 жыл 9 айға, қызметкер — 4 жыл 5 айға шартты түрде сотталды», — деп хабалады Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық соты.

Похожие материалы