Сәтбаев. 19 қазан. 7kun.kz – Сәтбаев қаласында ер адамға оқ атты деген күдікпен екі жас жігітті ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 18 және 20 жастағы екі жігіт ұсталды. Оның бірі көлік басқаруында болса, екіншісі болжам бойынша жәбірленушіге оқ атқан. Ұсталған азамат кінәсін мойныдады.
«Алдын ала болжам бойынша Ulytau Mall сауда үйінің алдында жас жігіттер сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. Күдіктілер оқиға орнынан автокөлікпен кетіп бара жатып, 24 жастағы жігітке оқ атқан. Сосын көлікпен қашып кетті. Жәбірленуші оқ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада..
Аталған факті бойынша ҚК-нің 24-99 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
«Оқиғаға қатысушылардың жеке бастары анықталды. Қазіргі уақытта оларды ұстау бойынша кешенді шаралар жүргізілуде», – деді полицейлер.