Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сатып алуларды орталықтандыру есебінен үнемделген қаржы ұстаздарға беріледі

Сатып алуларды орталықтандыру есебінен үнемделген қаржы ұстаздарға беріледі

Астана. 24 тамыз. 7kun.kz - Сатып алуларды орталықтандыру есебінен үнемделген қаржы ұстаздарға беріледі. Сонымен қатар, мұғалімдер өздеріне қатысы жоқ міндеттерден босатылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев айтты.

«Қазір мектеп директорлары оқу процесіне көп көңіл бөле алмайды, оның орнына олар қаржылық-шаруашылық мәселелеріне көп көңіл бөледі. Біздің пайымдауымызша педагогтар ең алдымен балалардың дамуымен айналысулары керек, шаруашылық мәселелерімен емес, сондықтан бұл міндетті кезең-кезеңімен шешетін боламыз», - деді Әсет Исекешев педагогикалық кеңесте.

Сондай-ақ ол келесі айда Астана мектептерінде бұлтты бухгалтерия енгізілетіні туралы хабардар етті.

«Қыркүйекте біз барлық мектептерде бірыңғай бұлтты бухгалтерияны енгіземіз, ол директорлар мен мектеп басшылығынан бірқатар шаруашылық жүктемелерін алып тастайды. Сонымен қатар, бұлтты бухгалтерия қаржылық менеджмент ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сатып алуларды орталықтандыру есебінен жылына 200 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Аталған қаржы ең алдымен мұғалімдерге премия беруге жұмсалады», - деді қала басшысы.

Қазіргі уақытта, педагогтардың статусын көтеру және бұл салаға білікті мамандарды тарту үшін әлеуметтік пакет жасау және оны жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр

Похожие материалы