Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сауд Арабиясы мұнай компаниясының акцияларын биржаға шығармайды

Сауд Арабиясы мұнай компаниясының акцияларын биржаға шығармайды

Алматы. 25 тамыз. 7kun.kz – Сауд Арабиясының үкіметі Сауди АрамКо мемлекеттік мұнай компаниясының акцияларын биржаға шығармайтын болды, деп хабарлайды Рейтерс.

Тарихтағы ең ірі Ай-Пи-О-ны дайындаған қаржылық кеңесшілер тобы таратылып жіберілді. Соған қарағанда корольдік Сауди АрамКоны қоғамдық компанияға айналдыру жоспарынан бас тартқан түрі бар. Алайда Сауд Арабиясының энергетика министрі компанияны биржаға шығару кейінге қалды деп отыр. Олар мұндай бастаманы 2016 жылы жариялаған болатын.

Бүкіл әлемдегі шикі мұнайдың 10%-ын өндіретін Сауди АрамКо 2 трлн долларға бағаланған. Мәселен, акциялары биржада саудаланатын ең қымбат компания Эплдің капиталы жақында  бір триллион доллардан асқан болатын.

Похожие материалы