Экономика
Сауд Арабиясы қайта өңделетін энергия жобаларын 8 жылға кейінге қалдырды
Сауд Арабиясы қайта өңделетін энергетика саласындағы жалпы сомасы $109 млрд-ты құрайтын бағдарламаның қорытынды уақытын 2032 жылдан 2040 жылға ауыстырды. Бұл жөнінде Bloomberg агенттігі хабарлады.
Патшалық басшылары пайдаланылатын технологияларды игеру үшін қосымша уақыт керектігін жеткізді.
Бастапқыда 2032 жылға қарай күн энергетикасы елдегі электроэнергияның үштен бірін қамтуы тиіс болатын. Басым бөлігін желден, геотермальды және атомдық электростанциялардан алу жоспарланған еді. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – мұнайды экспортқа барынша үнемдеу.
Сауд Арабиясының халқы жылдам өсіп келеді – соңғы 40 жылда төрт есе көбейді және 30 млн адам болды. Бұл дегеніміз – электроэнергияға деген сұранысты арттырады.
Әр адамға шаққанда энергияны пайдалану АҚШ-пен сәйкес келеді, Жапониядан екі есе көп. Энергошығынның жалпы көлемі шамамен, Ұлыбританиямен сәйкес келеді, десе де Ұлыбритания халқы одан екі есе көп екені Chatham House зерттеуінен соң белгілі болды.