Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сауд Арабиясы мемлекеттік бюджетті қысқартып жатыр

Сауд Арабиясы мемлекеттік бюджетті қысқартып жатыр

Сауд Арабиясы келесі жылға арналған мемлекеттік бюджетті миллиардтаған долларға қысқарту жолын қарастырып жатыр. Оған себеп - соңғы жылдағы мұнай бағасының шамамен 50%-ға төмендеуі. Бұл фактор елдің қаражатына үлкен әсер етіп отыр. Өйткені, табыстың 90%-ы мұнайдан келеді деп жазады Bloomberg.

Агенттіктің хабарлауынша, қазіргі таңда ел үкіметі күрделі шығындарды қайта қарауға және қаражатты үнемдеу мақсатында кейбір инфрқұрылымдық жобаларды уақытша тоқтатуға немесе өзгеріс енгізуге байланысты кеңесшілермен ақылдасып жатыр. Инвестициялық шығындар 10 пайызға немесе 102 млрд долларға азаюы мүмкін. "Бұл мұнай бағасының төмендеуіне ғана емес, соңғы бірнеше жылдағы күрделі шығындардың өсуіне берілген жауап десе болады дейді Jadwa Investment Co зерттеу бөлімінің жетекшісі, экономист Фахад Алтурки. — Шығындарды азайту экономикалық өсімге әсер ететін болса да, мұнайға қатысы жоқ салалар осыдан 20-30 жыл бұрынғыдай мемлекеттік шығындарға аса тәуелді емес". Тамыздың басында Сауд Арабиясының қарыз нарығына қайта оралып, сол жерден 2015 жылдың соңына дейін 27 млрд доллар табуды жоспарлап отырғаны мәлім болған. Егер осы жоспар жүзеге асатын болса, ел үшін маңыздысы - бюджетке қатысты мәселелерге қарамастан, мемлекеттік шығындарды азайтпау екені көрінетін болады. Десе де, бұл шаралар бюджет тапшылығының тек бір бөлігін жабады. Экономистердің есептеуінше, ол шама 2015 жылы 107 млрд долларды құрайтын болады. «Бұның барлығы бюджет тапшылығын жабу үшін қорды емес, қарыз қаражаттарын қолдану үшін жасалып отыр», — дейді жоспармен таныс банкир.

Похожие материалы