Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сауда орталығында қаза тапқандар саны 50-ден асты

Сауда орталығында қаза тапқандар саны 50-ден асты

Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz - Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда орталығынан шыққан өрт кезінде қаза тапқандар саны соңғы деректер бойынша 53 адамға жетті. Тағы 10 адам іздестірілуде. Бұл туралы ТАСС  жедел штабқа сілтеме жасап хабарлады.

Интерфакстың жазуынша үйінді астынан 55 адамның денесі табылған.

Қаза тапқандар арасында губернатор Аман Тулеевтің  11 жастағы туысқаны да бар. Бұл туралы журналистерге  аймақ басшысының өзі айтқан.

Өрт ісі бойынша сауда орталығының басшысы Надежда Судденок пен бірге тағы үш адам ұсталған. Оларға қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Похожие материалы