Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сбербанк алғашқы биометриялы банкомат орнатты

Сбербанк алғашқы биометриялы банкомат орнатты

Москва. 11 шілде. 7kun.kz - Ресейлік Сбербанк тұтынушыны бет-әлпетінен танып, карта талап етпейтін банкомат орната бастады.

Алғашқы банкомат Сбербанктың Agile-кеңсесінде орнатылған: оның көмегімен қызметкерлер қолма-қол ақшасыз жасалатын барлық операцияларды орындай алады және банк картасы қажет болмайды.

Сынақ 2017 жылдың соңына дейін жалғасады. Ары қарай жаппай қолданысқа енгізуді немесе енгізбеу туралы шешім қабылданады.

Мұндай банкомат қызметін пайдалану үшін банк қызметкерінің көмегімен биометриялық шаблонды тіркеу керек. Яғни алдымен бет-әлпетіңізді банкомат жадысына сақтау керек.

Биометрияның көмегімен тұтынушы барлық операцияны картасыз орындай алады - қолма-қол ақша алу, шотты толтыру, төлем жасау, тағы басқалары.

Мұндай банкоматтар Қытайдың құмар ойындарға рұқсат берілген бір ғана Макао ауданында іске қосылған.

Похожие материалы