Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сбербанк Apple Pay байланыссыз төлемдерін ұсынады

Сбербанк Apple Pay байланыссыз төлемдерін ұсынады

Алматы. 28 қараша. 7kun.kz – Сбербанк және Apple корпорация Apple Pay арқылы байланыссыз төлемдер жүйесін іске қосты.

Бүгінгі күннен бастап Сбербанк төлем карталарын ұстаушылар – NFC технологиясымен жабдықталған, iOS және macOS (iPhone, iPad, Apple Watch, Mac) операциялық жүйесі бар Apple құрылғыларының иегерлері оңай, қауіпсіз және дербес төлем құралы - Apple Pay-ді пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Apple Pay  – сатып алу үшін төлем жасаған кезде клиенттерге жылдамдық пен қолайлылық ұсына отырып, мобильді төлемдер құрылымын толығымен өзгертетін ыңғайлы және қауіпсіз дербес құрал.

«Бүгінгі таңда Сбербанктің бөлшек сауда клиенттерінің саны 1,7 миллионнан асады, және біздің клиенттеріміз қолма-қол ақшаға қарағанда картамен төлем жасауды басым көреді. Бірнеше трендті атап өтейін. Соңғы үш айда Сбербанк карталары бойынша операциялар қолма-қол ақша беру бойынша операциялар санынан асып түсті. Біздің клиенттеріміз байланыссыз технологияларды (төлемдердің жартысы NFC арқылы жүргізілген) жиі қолданады және белсенді түрде саяхаттайды, әлеммен байланыс орнатады – Сбербанк ұзақ уақыт бойы Қазақстандағы трансшекаралық транзакциялар көлемі бойынша көшбасшы болып келеді. Сондықтан да, клиенттеріміздің үмітін болжай отырып және әлемдік трендтерге ілесе отырып, Сбербанк iOS және macOS жүйесі орнатылған құрылғыларға ең қолайлы және қауіпсіз төлем жасауға мүмкіндік беретін жаңа Apple Pay төлем сервисін ұсынады», - деді Сбербанктің Бөлшек бизнесті дамыту жөніндегі директоры Жанаргүл Изимова.

Apple Pay мобильді төлем жүйесінің қызметін пайдалану үшін клиенттер кредиттік немесе дебеттік картасын Wallet қосымшасы арқылы қоса алады немесе төлем картасын «Сбербанк Онлайн» мобильді қосымшасында тіркей алады.

Айта кетейік, Apple Pay  туралы толығырақ  http://www.apple.com/apple-pay/ сайтынан біле аласыздар.

Похожие материалы