Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сбербанк «Астана» халықаралық қаржы орталығында бөлімшесін ашты

Сбербанк «Астана» халықаралық қаржы орталығында бөлімшесін ашты

Алматы. 3 шілде. 7kun.kz – Сбербанк Қазақстан Astana  Financial Day аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) өзінің қызмет көрсету орнын ашты.

Салтанатты ашылу кезінде банк клиенттері мен қонақтарына заманауи жабдықтар кешенімен жабдықталған цифрлік кеңсенің инновациялық мүмкіндіктері таныстырылды.

«Қазақстанның қаржы саясаты мемлекет кәсіпкерлері мен шетелдік инвесторларға неғұрлым сапалы қызмет көсрету бағытында дамуына байланысты біз «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) оның қатысушыларын банктік қызметтердің барлық желісімен қамтамасыз ету мақсатында жаңа бірегей цифрлық кеңсе аштық. Біз әрқашан өзіміз ұсынатын қаржы технологияларының саласын үнемі жетілдірудеміз, олар бизнесті жүргізуді жеңілдетуге және клиенттеріміз күткеннен де асып түсуге бағытталған жаңа құралдармен үнемі толықтырылып отырады», - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Александр Камалов.

АХҚО-да құрылымдық бөлімше ашу мақсаты - қазақстандық және шетелдік компанияларды ең заманауи, сенімді және тиімді банктік құралдармен қамтамасыз ету болып табылады. Сбербанктің жаңа цифрлық кеңсесінде қаржы қызметтерін көрсетудегі инновациялық тәсіл қолданылады. Заманауи жабдықтар кешенімен жабдықталған құрылымдық бөлімше консерваторлардан бастап заманауи гаджеттердің қолданушыларына дейінгі түрлі клиенттер тобының қажеттіліктеріне бейімделген.

Сбербанк Қазақстан өзінің құрылымдық желісін әрі қарай кеңейтуді жоспарлауда, 2019 жылдың соңына дейін Атырау, Нұр-Сұлтан, Теміртау қалаларында бөлімшелер ашылады.

Похожие материалы