Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сбербанк Қазақстандағы түрік компанияларына $500 млн қаржы бағыттайды

Сбербанк Қазақстандағы түрік компанияларына $500 млн қаржы бағыттайды

"Сбербанк" АҚ Қазақстандағы түрік компанияларына $500 млн қаржы құюды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде Сбербанк шамамен 400 млн доллар сомасына 18 түрік жобасын қаржыландырды. Ал қазақтандық Сбербанктің еліміздің экономикасына жұмсаған инвестиция көлемі 10 млрд долларды қамтып отыр. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан-Түркия инвестициялық форумының барысында банк басшылығы хабарлады.

Қазақстан-Түркия инвестициялық форум аясында Сбербанктің Халықаралық блок басқармасының төрағасы, "Сберанк" АҚ ҮБ Директорлар кеңесінің төрағасы Сергей Горьков және Қазақстандағы Сбербанктің үлетес бнкінің төрағасы Александр Камалов түрік компанияларын қаржыландыру туралы бірқатар меморандумдарға қол қойды. Осылайша, жыл соңына дейін Қазақстандағы түрік бизнесін қаржыландырудың жалпы көлемі 1 млрд долларға дейін жетеді.

"Қазірдің өзінде бізбен шамамен 300 компания серіктес, және тағы 800-ін қабылдап, қызмет көрсетуге дайынбыз. Қазақстанда жалпы алғанда шамамен 2000 түрік компаниясы тіркеліпті, және біз мұнда зор потенциал көреміз. Қараңызшы, құрылыс жобаларының барлығы дерлік түрік құрылыс компанияларымен іске асырылған. Бүгінгі күні екі ел президенттері 18 келісімге қол қойды, және бұл көп нәрсені ұқтырады. Жобалар көп, олар жүзеге асады деп сенеміз", - деп мәлімдеді С.Горьков.

"Бүгінгі таңда, Сбербанк Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда айналымының 31%-ын қамтиды. Жоспарда - 50%-ын қамту. Банктің Түрік экономикасына бағытталған инвесиция көлемі - 28 млрд доллар. Біз екі ел экономикаларына қатысып отырмыз», - деді С.Горьков.

Бұған дейін Қазақстан мен Түркия құны 3,4 млрд доллар болатын ортақ жобаларды жүзеге асыратындығы жайлы жазған едік.

Похожие материалы