Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сбербанк басқармасында өзгерістер болды

Сбербанк басқармасында өзгерістер болды

Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – «Сбербанк» АҚ ЕБ Директорлар кеңесінің шешімімен «Сбербанк» АҚ ЕБ басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Елдар Амантайұлы Теңізбаев тағайындалды.

Елдар Амантайұлы банк саласында 2005 жылдан бастап жұмыс істейді.

2012 жылы қаңтарда Сбербанктің ұлттық компаниялармен және даму институттарымен жұмыс жөніндегі департамент директоры қызметіне келді. Сбербанк келгенге дейін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Басқарушы директоры қызметін атқарды.

Сондай-ақ, Елдар Теңізбаев Республикалық физика-математика мектебін, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын, Cass Business School, City University London бітірген. 2014 жылы Сбербанктің Корпоративтік университетімен бірлесіп топ-менеджменттің біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында London Business School-да оқудан өтті. Қаржы және халықаралық бухгалтерлік есеп саласында MBA және MSc дәрежесі бар, "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты.

Похожие материалы