Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сбербанк еуропалық нарықтан кетті

Сбербанк еуропалық нарықтан кетті

Ең ірі ресейлік банк – Сбербанк Еуропа нарығынан кетуге шешім қабылдады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазіргі жағдайда Сбербанк еуропалық нарықтан шығу туралы шешім қабылдады. Топтың еншілес банктері қаражаттың қалыптан тыс кету және қызметкерлер мен филиалдарға төнген қауіп факторларымен ұшырасты", -делінген банк хабарламасында.

Ресейдің орталық банкінің ұйғарымына байланысты банк компанияның еуропалық еншілес құрылымдарын өтімділікпен қамтамасыз ете алмайды.

Айта кетейік, Сбербанктің еншілес банктерінің капиталы жоғары және активтері сапалы. Клиенттердің салымдары жергілікті заңнамаға сәйкес сақтандырылған.

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша активтері барлық салымшылардың қаражатын қайтаруға жеткілікті.

Похожие материалы