Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сбербанк кәсіпкерлерге 14,4 млрд теңгеге қолдау көрсетті

Сбербанк кәсіпкерлерге 14,4 млрд теңгеге қолдау көрсетті

Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz – «Сбербанк» АҚ ЕБ шағын және орта бизнесті қолдау бойынша түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерді 14,4 млрд. теңгеге қаржыландырды, осылайша өткен жылғы осы көрсеткіш 1,7 есеге артты.

Жыл басынан бері Банк үш жүзге жуық кәсіпкерге несие ұсынды. Ең белсенді қаржыландырылған – өңдеуші өнеркәсіп, сауда, құрылыс, жылжымайтын мүлікпен операциялар, транспорт және байланыс салалары.

Сбербанк түрлі даму интституттары («Даму» КДҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» (ҚДБ) АҚ және т.б.) ат салысатын мемлекеттік бағдарламалардың көпшілігінің белсенді қатысушысы болып табылады.

Бірінші жартыжылдықта Сбербанк кәсіпкерлікке қолдау көрсететін мемлекеттік бағдарламалардың көптеген бағыттары бойынша көш бастады: «Бизнестің жол картасы 2020»,  Өңдеуші өнеркәсіптегі субъектілерді қаржыландыру бағдарламасы, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы және т.б.

Атап айтқанда, Ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы бойынша ҚДБ «Карат» ЖШС-ін (диірменге арналған жабдық және «Даулет» майдалап кесілген макарон өнімдерін шығаруға арналған, өнімділігі 1000 кг/сағ болатын автоматтандырылған желі сатып алуға) және «Шымкентмай» АҚ-ын («Доня» өсімдік майын рафинациялау цехінің құрылысына және жабдық сатып алуға) қаржыландырды.

Похожие материалы