Алматы. 30 қараша. 7kun.kz – Сбербанк теңгеде алынған кепілдік заемдарды комиссиясыз және төмен пайыздық мөлшерлемемен қайта қаржыландыруды іске қосты. Қайта қаржыландыру бағдарламасына ипотекалық және кепілге жылжымайтын мүлік қойылған барлық кредиттер қатысады.
Қайта қаржыландыру кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуге, кредиттеу мерзімін ұзартуға, ай сайынғы төлемді азайту есебінен қарыздық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.
"Сбербанкте клиенттерге бар заемдар бойынша ай сайынғы төлем сомасын төмендетуге, ал босатылған қаражатты өзге де отбасылық бюджет шығындарына жұмсауға мүмкіндік беретін қайта қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды", - деді "Сбербанк" АҚ ЕБ Бөлшек сауда жөніндегі басқарушы директоры Жанаргүл Изимова
Қайта қаржыландыру бағдарламасына жеке тұлғалар, сондай-ақ Сбербанк қызметін пайдаланатын компаниялардың 21 жасқа толған қызметкерлері қатыса алады. Еңбекақының ең төменгі мөлшері 60 000 теңгеден кем болмауы керек.
Сбербанкте кепілдік заемдарды қайта қаржыландыру енді комиссиясыз теңгеде 14,6% (СЖТМ 15,6% бастап) мөлшерлемемен жүзеге асырылады.