Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сбербанк мобильді төлем сервисін іске қосты

Сбербанк мобильді төлем сервисін іске қосты

Алматы. 11 қазан. 7kun.kz – Сбербанк NFC қолдайтын Android операциялық жүйесі бар құрылғыларда (смартфондар, планшеттер) орнатылған Sberbank Pay KZ қосымшасы арқылы жанасусыз төлем жасау мүмкіндіктерін таныстырды.

MobiEvent'18 халықаралық конференциясы аясында Сбербанк NFC қолдайтын Android операциялық жүйесі бар құрылғыларының пайдаланушыларына жанасусыз төлем атқарымы бар POS-терминалдармен жабдықталған сауда және қызмет кәсіпорындарында жанасусыз төлем жасауға мүмкіндік беретін Sberbank Pay KZ мобильді қосымшасының мүмкіндіктерін таныстырды.

Жаңа технология Google Play Маркеттен тек бір рет Sberbank Pay KZ қосымшасын жүктеу және оған Сбербанктің Visa картасын қосу арқылы NFC құрылғыны төлем үшін қолдануға мүмкіндік береді.

Ыңғайлы болуы үшін жасап шығарушылар Sberbank Pay KZ  қосымшасына кірмей-ақ  төлем жасау мүмкіндігін қарастырды - экранды бұғаттан шығарып, құрылғыны жанасусыз төлем қызметі бар  POS-терминалға қою жеткілікті.

Қосымшаға қосылған құрылғы банктік карта нөмірін сақтамайтындықтан Sberbank Pay KZ төлемдері сенімді қорғалған.

"Бүгінгі таңда біздің банкте жанасусыз төлемдерге операциялардың 50%-ы сәйкес келеді. Бүгін таныстырылған технология бұл нарық үшін қызмет алаңын айтарлықтай  кеңейтеді, себебі қызметтер күнделікті қолданыста неғұрлым қолжетімді және ыңғайлы болуда. Жақын арада біз өзге мобильді операциялық жүйелердің басқаруымен құрылғылар желісін кеңейту арқылы осындай төлемдердің мүмкіндіктерін тағы да арттыра түсеміз деген ойдамын, - дейді Сбербанк Басқарма Төрағасының Орынбасары Алексей Акимов.

Сервиске қосылу үшін Google Play Маркеттен Sberbank Pay KZ қосымшасы орнатылатын NFC қолдауы бар және 4.4. және одан жоғары нұсқадағы Android операциялық жүйесі бар құрылғы қажет. Сонымен қатар Сбербанктің Visa картасын қосып Sberbank Pay KZ қосымшасында тіркелу керек.

Төлем жасау үшін тіркелген құрылғыны жанасусыз төлемдерді қабылдау қызметі бар  POS-терминалға әкеп қою қажет.

5000 теңгеден жоғары төлем жасалған жағдайда ПИН код енгізу қажет болады.

Sberbank Pay KZ мобильді қосымшасын Google Play Маркеттен 2018 жылғы 15 қазаннан бастап жүктеу мүмкін болады.

Похожие материалы