Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сбербанк Онлайн «Топ-30 мобильді қосымшалар» рейтінгісінде үздіктер қатарында

Сбербанк Онлайн «Топ-30 мобильді қосымшалар» рейтінгісінде үздіктер қатарында

Алматы. 21 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстандық интернет-бизнес және мобильді коммерция қауымдастығының (ҚИБҚ) және Intervale Kazakhstan компаниясының жыл сайынғы «Қазақстанның Топ-30 мобильді қосымшалары» рейтингінің нәтижелері бойынша Сбербанк Онлайн мобильді қосымшасы Қазақстанның үздік мобильді қосымшалары қатарына енді.

Сбербанктің мобильді қосымшасы 2015 жылдың көктемінде іске қосылды. Осы жылы банктік қосымшалар арасында Сбербанк Онлайн екінші орынға ие болды. Жалпы рейтингте Сбербанктің мобильді қосымшасы  Қазақстанның барлық мобильді қосымшалары арасында бірден үш орынға көтеріліп, өз жайғасымын айтарлықтай жақсартты.

Рейтинг әдістемесі келесі параметрлерге негізделді: сессиялар саны, бірегей сессиялар саны, қолдаулы платформалар саны, Google Play және App Store-да қосымшаның рейтингі, интерфейс тілі, техникалық қолдау, Stores-та қолданушылардың сұрақтары мен түсініктеріне жауап қайтару, дизайн және қолдану ыңғайлылығы үшін төрешілердің бағалары.

«Мобильді қосымшаның цифрлік әлеуеті жыл сайын дамып және жетілдіріле отырып, біздің клиенттерге Сбербанк қызметтерінің кең тізбесін қолжетімді етеді. Бұл ретте Сбербанк Онлайн қосымшасының мүмкіндіктерін лайықты бағалай алған сарапшылар қауымдастығы мен қолданушылардың ұстанымы бізді шынымен қуантады. Біз клиенттерімізге сенім артқаны үшін шынайы алғыс білдіреміз және басқаларын Сбербанк Онлайн мобильді қосымшасының басымдылықтарын пайдалануға шақырамыз», - дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының бөлшек бизнес жөніндегі Орынбасары Алексей Акимов.

Сбербанк Онлайн мобильді қосымшасы бірнеше рет ең жоғары бағаға ие болды. Өткен жылдың желтоқсанында ол UsabilityLab. пайдаланушы интерфейстерді бағалау бойынша Ресейдегі ірі компанияда қазақстандық банктердің мобильді қосымшаларының usability-рейтингінде бірінші орынға ие болды.

Бүгінгі таңда Сбербанк Онлайн клиенттері үшін келесілер қолжетімді: саусақ ізі немесе Face ID бойынша кіру, 1000 аса қызметтерді комиссиясыз төлеу; телефон нөмірі және Сбербанк клиенті картасының нөмірі бойынша комиссиясыз ақша аударымдарын жүзеге асыру; дүние жүзінің кез-келген банкінде деректемелер бойынша ұйымдар мен жеке тұлғалардың шотына төлемдер мен аударымдар; дүние жүзінің кез-келген банкінде ашылған Visa және Master Card карталарына ақша аударымдары; онлайн депозитті ашу, 24/7 ақшаны ішінара алу және толтыру  және көптеген басқа да мүмкіндіктер.

Похожие материалы