Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар - маусымында Сбербанктің Қазақстандағы еншілесінің активтері 1,12 пайызға өсіп, 1,673 трлн теңгені құрады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Банк активтерінің нарықтағы үлесі 6,7 пайыз.
2017 жылдың қаңтар - маусымында банктің жеке капиталы - 6,96 пайызға өсіп, 158 млрд теңгені құраған. Ал капиталдың табыстылығы - 9,7 пайызды құрады.
Аталған мерзімде банктің таза табысы 2016 жылмен салыстырғанда 41,03 пайызға артып, 7 млрд теңгені құрады.
2017 жылдың І тоқсанында Сбербанктің Қазақстандағы еншілесі актив көлемі бойынша 33 қазақстандық банк ішінен 4 орынды иеленді.