SCAT әуе компаниясы биылғы жылдың маусым айынан бастап Астана мен Алматыдан Сочиге жаңа чартер рейстерін жіберуді көздеп отыр. Бұл туралы ресейлік ұлттық "Алеан" туроператорының бас директоры Илья Уманский мәлімдеді, деа хабарлайды.
"SCAT-пен бірлесіп Сочиге чартер рейстерін жібермекпіз. Маусымнан бастап Алматыдан екі, Астанадан бір рейс жіберу көзделген", деді И.Уманский Астанада баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, рейстерді жыл бойына орындап отыру көзделген.
SCAT – Қазақстанның ірі әуе тасымалдаушыларының бірі. Қазір әуе компаниясының паркінде 18 әуе кемесі бар, бір Boeing-767-300ER, төрт Boeing-757-200, алты Boeing-737-300/500, бір Boeing-737-700NG және алты Bombardier-CRJ-200.