Алматы. 31 қазан. 7kun.kz - Қазақстандық SCAT әуе компаниясы Шымкент пен Ақтаудан Мәскеуге жаңа рейстер ашты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Ұшақтар халықаралық Внуково әуежайына қонатын болады. Жаңа рейстер аптаның сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшады.
"Boeing 737-500 ұшағы Внуково әуежайынан 21:30-да Шымкентке келсе, Bombardier CRJ 200 ұшағы Мәскеуден Ақтауға 23:40-та келеді", - делінген хабарламада.