Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Schlumberger 2015 жылы барлау мен өндіруге кететін шығын 15%-ға азаяды дейді

Schlumberger 2015 жылы барлау мен өндіруге кететін шығын 15%-ға азаяды дейді

Мұнай саласында қызмет көрсететін әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі Schlumberger осы жылы барлау мен өндіруге кететін әлемдік шығынның 15%-ға азаюын күтеді. Бұл туралы компанияның бас директоры Паал Кибсгаард мәлімдеді.

Ол мұнай компанияларының барлау жұмыстарына деген шығыны өте төмен деңгейге дейін түсіп кеткені туралы айтты. "Біздің көріп отырғанымыз, жалпы алғанда, қалыпты құбылыс. Әдетте, өндіріске зиян келтірмеу үшін, бірінші кезекте, барлау шығындары қысқарады. Алайда, дәл қазіргі қысқартылған шығын көлемі өте жоғары. Осы жылы компаниялардың барлауға бөлетін қаржысы ұлғая қояды деп ойламаймын", - дейді ол.

Schlumberger Солтүстік Америкада мұнай саласына арналған қызметтерге деген шығын 30%-ға төмендейді деп болжайды. Ал ОПЕК-тың негізгі ойыншыары нарықтағы үлесін арттыру мақсатында, керісінше, бұл бағыттағы шығын көлемін өсіреді.

Латын Америкасында аталған шығын түрі екі есе қысқарады деп күтіліп отыр. Дәл осындай жағдай Еуропа, Африка мен Азия да байқалуы мүмкін.

Похожие материалы