Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ТЖД: Селдің екінші толқыны болмайды

ТЖД: Селдің екінші толқыны болмайды

Алматыда селдің қайта жүру қаупі жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерлан Нұрғалиевке сілтеме жасап хабарлады.

ТЖҚ мәліметінше, Қарғалы өзенінде судың көтерілуі туралы ақпарат 03.00-де келіп түскен. Бұдан соң Қарғалы, Каменка ауылдарын су басқан. Қазіргі кезде шлюздар арқылы суды ағызу жүргізілуде. Суқоймасының жарылуы болған жоқ. Дәл қазір су өзен бойымен екі шлюз арқылы ағуда. Жақын маңдағы елдімекендерден тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде. Оқиға орнында құтқарушылар, полиция мен ТЖҚ мен әкімшілік қызметкерлері, барлығы - 440 адам жұмыс істеуде.Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. ТЖҚ өкілі өз сөзінде қаланы су басу қаупі жоқтығын атап өтті. Наурызбай ауданының әкімшілігінде жедел штаб құрылған.

Похожие материалы