Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Семейде жол жүру ақысы қымбаттайды

Семейде жол жүру ақысы қымбаттайды

Семей қаласының әкімдігі қалалық қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы тарифін 60 теңгеден 80 теңгеге көтеру туралы алдын-ала шешім шығарды. Бұл жөнінде ҚазТАГ хабарлайды.

— Біз соңына дейін тарифті көтеруге келіскіміз келмеді. Бірақ, әлі де мониторинг жүргізіп, нақты шешім шығармас бұрын ойланатын боламыз. Тариф көтерілген соң біз жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындардан қызмет көрсету сапасын көтеруді, әлеуметтік жағдайына орай жеңілдіктердің қарастырылуын талап етеміз, — деді Семей әкімі Ермек Сәлімов. Аталған шешімді қабылдамас бұрын тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі, салық қызметі, кәсіпкерлер палатасы мен тасымалдаушы мамандардан құрылған топ жұмыс жүргізген. Осылайша 9 қыркүйектен бастап 13 қазан аралығында комиссия тарифті көтеруге негіздің қаншалықты бар екендігін тексерді. — Жұмыс тобы тасымалдаушылардың көтеретін шығындары мен табатын пайдаларын тексеріп шықты. Жолаушылар айналымы, барлық маршруттардың километражы, жөндеу жұмыстары, техникалық байқауларды өткізу, жалақы беру сынды жұмыстар қаралды. Өткізілген тексеріс нәтижесінде тасымалдаушылар талаптарымен келісуге шешім шығарылды, — дейді әкімнің орынбасары Қайрат Ерембесов. Жол ақысының жаңа тарифі кезекті қалалық мәслихат отырысында мақұлданған соң енгізіледі деп күтілуде. Отырыс алдағы күндері болады деп жоспарланып отыр.

Похожие материалы