Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Үш айда Қазақстаннан 8 мыңнан астам көшіп кетті

Үш айда Қазақстаннан 8 мыңнан астам көшіп кетті

Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz — Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында Қазақстаннан 8 355 адам басқа елдерге кетті, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, ҚР-нан кеткендердің жалпы санынан ТМД елдеріне 7 455 адам, басқа елдерге 910 адам кетті. Жекелеген этникалық топтар бойынша сыртқы көші-қон қаңтар-наурызда келесідей болды: орыстар – елден кеткендердің жалпы санынан 71,9% (2018 жылдың ұқсас кезеңінде 71,1%), немістер – 6,6% (8%), украиндар – 6,9% (6,7%), қазақтар – 4,7% (4,7%), татарлар – 2,2% (2,2%), өзбектер – 0,5% (0,3%), басқалары - 7,2% (7%).

Қазақстанға келгендер арасында қазақтар – 60,5% (бір жыл бұрын 55,4%), орыстар – 18,8% (22,3%), украиндар – 1,9% (2,8%), өзбектер – 2,1% (2,3%), татарлар – 1,1% (1,3%), немістер – 1,3% (1%), басқалары – 14,3% (15,1%) көш бастап тұр. Есептік кезеңде республикаға барлығы 3 176 адам (бір жыл бұрын 3 468 адам) келді. Оның ішінде ТМД-нан 2 685 адам және басқа елдерден 491 адам. Осылайша, жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша көші-қон сальдосы теріс мәнді көрсетті - минус 5 179 адам.

2019 жылғы қаңтар-наурызда 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 8,4%-ға азайды, кеткендер саны 22%-ға артты. Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүріп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі және осы елдерге кеткендердің үлесі тиісінше 84,5% және 89,1% құрады.

Сондай-ақ, ішкі көші-қон өсімді көрсетті - ағымдағы жылдың І тоқсанында ол 225 953 адамды құрады, ал 2018 жылдың үш айында бұл көрсеткіш 197 951 адамға тең болды. Осылайша, ел шегінде қоныс аударатын көшіп-қонушылардың саны 14,1% - ға артты. Өңіраралық орын ауыстырулар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің үш өңірінде: Маңғыстау облысында (369 адам) және Нұр-Сұлтан (6 089 адам) және Алматы қалаларында (6 559 адам) тіркелді.

Похожие материалы