Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Үш айдың ішінде темір жол қызметін 5,2 млн адам қолданған

Үш айдың ішінде темір жол қызметін 5,2 млн адам қолданған
Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылдың бірінші тоқсанында 5,2 млн адам темір жол қызметін пайдаланған.  Бұл 2017 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 3 пайызға көп. Темір жол тасымалынан үш айда 196,3 млрд теңге табыс түскен. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 13 пайызға артқан. Оның 174,6 млрд теңгесі жүк тасымалына тиісті. Жолаушылар тасымал арқылы 21,7 млрд теңге қаржы түскен. 2017 жылға қарағанда жолаушылар тасымалынан түскен қаржы 12,7 пайызға ұлғайған. Ал жүк тасымалдау көлемі 2018 жылдың бірінші тоқсанында 95 млн тоннаны құрады.

Похожие материалы