Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ө.Шүкеев: Qazaq Air-дың коммерциялық мүмкіндігі өте жоғары

Ө.Шүкеев: Qazaq Air-дың коммерциялық мүмкіндігі өте жоғары

100 пайыз акциясы “Самұрық-Қазына” АҚ-ға тиесілі отандық "Qazaq Air” әуекомпаниясы құрылды. Бұл туралы Астана қаласындағы халықаралық әуежайда өткен баспасөз конференциясында “Самұрық-Қазына” АҚ төрағасы Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді.

Оның айтуынша, халықаралық Lufthansa консалтингтік компаниясының техникалық-экономикалық негіздемесіне сай “Qazaq Air” әуекомпаниясы коммерциялық табыс табу тұрғысында үлкен мүмкіндікке ие. Компаниядағы әуе көліктерінің ұшу қашықтығы орта есеппен 800 шақырым, ал ұшу уақыты күніне 7,3 сағатты құрайды. Апталық ұшу жоспары 4 рейс. Жылына 250 мың жолаушыға қызмет көрсету жоспарланған. Билет бағасы нарықтағы бағадан біршама төмен болмақ. “Біз бұл компанияның бюджетке кірмейтінін, сол себепті субсидиялауға жатпайтынын айта келе, билет бағасының ұшақ сипаттамасына сай арзан екенін еске саламыз. Компания ұшақтары өте үнемді”  –  деді Өмірзақ Шүкеев. Билеттер 15-шілдеден бастап сатылады. Алғашқы рейс 20-шілдеде ұшырылады деп күтілуде.

Похожие материалы